2026 жылыдың 21 қаңтарында Жаратылыстану әдістемелік бірлестігі айлығы аясында химия пәні мұғалімі Тусипова Умекен Саламатовна 8 «Ә» сыныбымен «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататынын дәлелдеу, сондай-ақ химиялық элементтердің табиғи ұяластарын анықтау және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтерге мысалдар келтіру мақсаттары жүзеге асырылды.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақта заманауи әдіс-тәсілдер («Гаухартас», «Колба», «Біздің көше»), топтық және жұптық жұмыстар, функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар тиімді қолданылды. Сабақ мазмұнына «Заң мен тәртіп» құндылығы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының идеялары кіріктірілді.
Ашық сабақ мазмұнды өтіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және химиялық сауаттылықтарын дамытуға ықпал етті.


