Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі " КММ

МЕНЮ

Іс тәжірибе тарату жұмыстары.

2026 жылдың 23 қаңтарында « Жасанды интеллект - жаратылыстану құбылыстарын зерттеудің заманауи құралы» тақырыбындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар –практикум  өткізілді.Бағдарламаға сәйкес физика пәнінің мұғалімі Б.Берікбай ашық сабақ өткізді.

Іс тәжірибе тарату жұмыстары.

 
21.01.2026 ж. «Жібек жолы» мектеп-лицейіде «Жаратылыстану бағытындағы пәндер (биология, химия, физика, география) 9-11 сыныптар бойынша олимпиада тапсырмаларын талдау»  атты семинар-практикумын география және биология пәндерінің мұғалімі Хаджиева А.С. өткізді.
Оқушылар олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістерін меңгеру, күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешу жолдарын талдау және логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында теориялық және практикалық білімді қолдана білді.Сонымен қатар пәндер бойынша ерекшеліктер, оқушылар жиі жіберетін қателіктер, есепті шығару барысы, тактикалық әдістер және психологиялық дайындық тұралы әртүрлі әдістер арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, оларды белсенді ойлауға, зерттеу жүргізуге  ынталандырылды.

Жас мамандар ашық сабағы

2026 жылдың 23 қаңтарында Шу ауданы, Жібек лицейінде
«Жасанды интеллект – жаратылыстану құбылыстарын зерттеудің заманауи құралы» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.
 
Аталған семинар аясында физика пәнінің мұғалімі
Омаржан Тоғжан Женисханқызы 8”А” - сынып оқушыларымен
«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
 
Ашық сабақтың мақсаты:
• 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
• 8.4.2.7 – кедергінің физикалық мағынасын және оның өлшем бірлігін түсіндіру.
 
Сабақ барысында заманауи жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылып, оқушылар:
• топтық жұмысқа бөлінді;
• белсенді диалогқа түсті;
• электр тізбегін құралдар арқылы өздері құрастырды;
• тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
 
Кері байланыс кезеңі де ерекше форматта ұйымдастырылып, оқушылардың сабақтан алған әсері мен түсінігі нақты айқындалды.
 
Омаржан Тоғжан Женисханқызының сабағы жоғары әдістемелік деңгейде, мазмұнды әрі қызықты өтті. Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, теория мен практиканы ұштастыра білуі айқын көрінді.

2026 жылыдың 21 қаңтарында Жаратылыстану әдістемелік бірлестігі айлығы аясында химия пәні мұғалімі Тусипова Умекен Саламатовна                    8 «Ә» сыныбымен «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататынын дәлелдеу, сондай-ақ химиялық элементтердің табиғи ұяластарын анықтау және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтерге мысалдар келтіру мақсаттары жүзеге асырылды.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақта заманауи әдіс-тәсілдер («Гаухартас», «Колба», «Біздің көше»), топтық және жұптық жұмыстар, функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар тиімді қолданылды. Сабақ мазмұнына «Заң мен тәртіп» құндылығы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының идеялары кіріктірілді.

Ашық сабақ мазмұнды өтіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және химиялық сауаттылықтарын дамытуға ықпал етті.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Жібек жолы мектеп-лицейі " КММ