Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі " КММ
МЕНЮ
Қаңтар айының 14 жұлдызында жаратылыстану пәндері айлығы аясында 10 “А” сыныбымен химиядан “Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіру” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында тотығу-тотықсыздану реакцияларының тіршілік үшін маңызы орасан зор екенін оқушылар тәжірибелер арқылы және функционалдық тапсырмаларды орындай отырып түсінді. Жасанды интеллект көмегімен құрылған деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар табиғатқа қамқор болу қажеттілігін білді.
Пән мұғалімі: Болганбаева Б.Б.
ХАБАРЛАМА
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
1. Бастауыш сынып мұғалімі -1 бірлік, 16 сағат, уақытша (негізгі қызметкер шыққанға дейінгі мерзімге,жүктілік демалысына шығуы 25 мамыр 2026 жылға дейін) .
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 150.000-180.000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі: 02.02.2026 жылы сағат 11-00 де.
3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77264322052
Почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі,білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді,білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады, пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды, бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді, журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады,оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады, оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді,оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді,білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді,инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді, арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады, интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады, ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді, кәсіби құзыреттілікті арттырады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды,білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады,тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады,білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Біліктілік талаптары:тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат .
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш 3-қосымшаға сәйкес;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Кандидаттың толтырылған бағалау парағы 12,13 қосымшаға сәйкес;
11) жұмыс орнынан ,оқу орнынан ұсыным хат;
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15-23.01.2026ж
Үлгілік талаптарға сәйкестігін қарау мерзімі: 26.01-30.01.2026 ж
ХАБАРЛАМА
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Келесі бос орынға конкурс жариялайды:
1.Директордың құқықтық-тәрбие бойынша орынбасары-1 бірлік,тұрақты.
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 180.000-280.000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі: 29.01.2026 жылы сағат 15-00 де.
3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77264322052
Почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Лауазымдық міндеттері: тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш 3 қосымшаға сәйкес,
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Кандидаттың толтырылған бағалау парағы 12,13 қосымшаға сәйкес,
11) жұмыс орнынан ,оқу орнынан ұсыным хат;
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.01-21.01.2026 ж
Үлгілік талаптарға сәйкестігін қарау мерзімі: 22.01-28.01.2026 ж
ХАБАРЛАМА
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Келесі бос орынға конкурс жариялайды:
1.Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог- ұйымдастырушысы-
1 бірлік, 12 сағат,тұрақты қызметіне;
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 180.000-250.000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі: 29.01.2026 жылы сағат 15-00 де.
3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77264322052
Почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;
білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс - шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Біліктілік талаптары: "Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
"Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш 3-қосымшаға сәйкес;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Кандидаттың толтырылған бағалау парағы 12,13 қосымшаға сәйкес.
11) жұмыс орнынан ,оқу орнынан ұсыным хат;
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.01-21.01.2026 жыл
Үлгілік талаптарға сәйкестігін қарау мерзімі: 22.01-28.01.2026 жыл
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Жібек жолы мектеп-лицейі " КММ


