Жас мамандар ашық сабағы
2026 жылдың 23 қаңтарында Шу ауданы, Жібек лицейінде
«Жасанды интеллект – жаратылыстану құбылыстарын зерттеудің заманауи құралы» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.
Аталған семинар аясында физика пәнінің мұғалімі
Омаржан Тоғжан Женисханқызы 8”А” - сынып оқушыларымен
«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты:
• 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
• 8.4.2.7 – кедергінің физикалық мағынасын және оның өлшем бірлігін түсіндіру.
Сабақ барысында заманауи жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылып, оқушылар:
• топтық жұмысқа бөлінді;
• белсенді диалогқа түсті;
• электр тізбегін құралдар арқылы өздері құрастырды;
• тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Кері байланыс кезеңі де ерекше форматта ұйымдастырылып, оқушылардың сабақтан алған әсері мен түсінігі нақты айқындалды.
Омаржан Тоғжан Женисханқызының сабағы жоғары әдістемелік деңгейде, мазмұнды әрі қызықты өтті. Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, теория мен практиканы ұштастыра білуі айқын көрінді.


