Іс тәжірибе тарату жұмыстары.
21.01.2026 ж. «Жібек жолы» мектеп-лицейіде «Жаратылыстану бағытындағы пәндер (биология, химия, физика, география) 9-11 сыныптар бойынша олимпиада тапсырмаларын талдау» атты семинар-практикумын география және биология пәндерінің мұғалімі Хаджиева А.С. өткізді.
Оқушылар олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістерін меңгеру, күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешу жолдарын талдау және логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында теориялық және практикалық білімді қолдана білді.Сонымен қатар пәндер бойынша ерекшеліктер, оқушылар жиі жіберетін қателіктер, есепті шығару барысы, тактикалық әдістер және психологиялық дайындық тұралы әртүрлі әдістер арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, оларды белсенді ойлауға, зерттеу жүргізуге ынталандырылды.


